Мектебіміздің тарихы

Мектеп туралы мәлімет

Қопа  орта мектебінің жарты ғасырдан астам өзіндік тарихы бар. Ең алғаш мектеп 1930 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 30-шы жылдардың аяғында мектеп жеті жылдық мектепке айналады.

Ауылдың байырғы тұрғындарының айтуы бойынша мектепте 30-шы жылдары қаладан келген Өмірзақ деген ағай, Рахметов Қожа,  Мырзалиев Құлжан, Сәрсенбаев Тәжібай сияқты оқытушылар жұмыс істеген.

Рахметов Қожа деген кісі кейінірек, 1941-1942 жылдары, мектеп директоры болып қызмет атқарған. Оған дейін мектептің директоры Аманов Қорған Кәукебайұлы болған. Ол кісі жоғары білімді маман, математика пәнінен дәріс берген. Аманов К.К. соғыс басында майданға аттанып, 1942 жылы қаза тапқан.

Соғыс жылдары мектеп жанында интернат үйі болып, оқушылар сонда жатып оқыған, сонымен қатар спорт алаңы да болып, сол кездің өзінде балалар шаңғы, коньки тепкен.

Мектеп директорлары:

  1. Рахметов Қожа (1941-1942 жж);
  2. Жиенқұл (1942-1943 жж);
  3. Абдуллин Бәтен, (1948-1949 жж);
  4. Көрғұлин Абдикәдір, (1950-1956 );
  5. Сәрсенбаев Хамза(1956-1964 жж.);
  6. Ищанов Сапа( 1963-1968);
  7. Нұртазин Бақыт Тынымбергенович;
  8. Узганов Қайырлы;
  9. Алдабергенов Рамазан;
  10. Салықова Ақсұлу;
  11. Аманов Табылды;
  12. Қайыпбергенов Темірбек(1984-1987 жж)
  13. Есжанова Шазина Мендыгалиевна (1987-2009 жж)
  14. Бусурманова Айгуль Мирамбаевна(2010-2018 жж )
  15. Есжанов Марат Мендигалиевич (04.09.2018- 2020 жж)
  16. Бахтыбаева Кенжегуль Жарасовна (2020 жылдан бастап міндетін атқарушы, 2021 ж  мектеп директоры)

Бектаев Керей деген ағай физика маманы Көрғұлин Абдиқадір(1950-1956 ), қазақ тілі маманы, Сәрсенбаев Хамза (1956-1964ж.) істеген.

1948-1949 жылдары Қопа жеті жылдық мектебінде істеген ұстаздар:

  1. Абдуллин Бәтен-мектеп директоры;
  2. Сатаев Бақыт-математика маманы;
  3. Есжанов Жиенқұл-орыс тілі маманы;
  4. Эдгер Абрам Петрович-неміс тілі маманы;
  5. Сәрсенбаев Тәжібай- тарих, география маманы;
  6. Сәрсенбаев Хамза- орыс тілі маманы.

 

1961 жылы мектеп 8 жылдық мектепке айналды.

1964-1968 жылдары мектеп директоры болып істеген Ищанов Сапа Есжанұлы. Ол қазір дербес зейнеткер, Ищанов С.Е.-«Кеңес одағының ағарту ісінің үздігі», «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі», деген құрметті атақтың иегері.

Ищанов Сапа Есжанович 1916 жылы Ақтөбе облысы Шахты ауылында дүниеге келген.

Еңбек  жолын 1930 жылының тамыз айынан Шалқар ауданының Алабас  бастауыш мектебінің мұғалімінен бастаған.

1933 жылы осы мектептің меңгерушісі болып тағайындалған.

1934-1936 жылдары  Алматы қаласындағы Ә.Жангелдин  атындағы Қазақ мемлекеттік оқу комбинатында оқытушы болып жұмыс жасады.

1941 жылы марксизм-ленинизм университетін аяқтағаннан кейін Сталин атындағы Ырғыз орта мектебінің директоры болып тағайындалды.

1941-1944 жылдары Бузулук қаласындағы әскери-саяси училищеден кейін  Ұлы Отан соғысына қатысады.

Соғыс жылдарында ерлігі үшін 1-дәрежелі орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.

1944 жылы аға лейтенант шенінде запасқа шықты.

1944-1952 жылдары соғыс кезінде жарақат алғаннан кейін Шахты қазақ-орыс орта мектебінде директор болып жұмыс жасады.

1953 жылдан бастап Шалқар қаласынынң қазақ орта мектебінде директор болып тағайындалды.

1954-1959 жылдары Сталин атындағы Ырғыз қазақ орта мектебінің директоры.

1960 жылдары Родниковкадағы мектеп-интернатында жұмыс жасады.

1963-1968 жылдары Қопа сегізжылдық мектебінің директоры.

1975  жылдан бастап Хромтау мектеп-интернатының директоры.

Ищанов С.Е. «Ұлы Отан соғысының » І-дәрежелі  орденімен, медальдармен марапатталған,  «Қазақ ССР-не  еңбегі сіңген мұғалім» атағының иегері.

1977 жылдан бастап орта мектеп болып жұмыс  істеп келеді.

Мектептің қазіргі ғимараты 1984 жылы 424 оқушыға арналып салынған.

Махамбетова Кази Серғазықызы–   1996 жылы Қопа орта мектебі «Сорос Қазақстан» қорының «мектептерге грант» бағдарламасы бойынша жеңімпаз болды. Ақтөбе қаласында 1998 жылы осы «Сорос Қазақстан» қоры халықаралық «Дебат» ойынын енгізу мақсатында семинар-тренинг өткізіп, «Дебат» ойынының тренері деген Сертификатқа ие болды.

Дебат қозғалысын дамытқаны үшін аудандық оқу бөлімінен талай рет «Алғыс хат»,  ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Ақтөбе облыстық дебат орталығы «Үздік тренер», Республикалық Ұлттық дебат орталығынан Ақтөбе облысы бойынша дебат қозғалысын дамытып, таратқаны үшін «Алғыс хат» алды. (1999ж.-2002ж.)

Ұстаз ретінде аудандық білім бөлімінен «Мақтау қағаздардың», «Алғыс хаттардың», ақшалай  және  бағалай сыйлықтардың иегері.

Сонымен қатар, аудан әкімі атынан «Алғыс хаттар», ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 2007 жылы еңбегі бағаланып «Хромтау ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. 2008 жылдан бері зейнеткер.

Баймурзина Айсара Опагалиевна–  Көп жылғы нәтижелі еңбегі үшін география пәні мұғалімі 2007 жылы облыс облыс әкімінің қабылдауында болып, Алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Есжанова Шазина Мендигалиевна–  математика пәні мұғалімі, 2007 жылы «ҚР білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасы», 2002 жылы «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медальмен марапатталған. 1987-2009 жылдары аралығында Қопа орта мектебінің директоры болып жұмыс жасаған. 1996 жылы Қопа орта мектебі Сорос-Қазақстан» қорының мектептерге арналған  грантына ие болды.

Ермагамбетов Есенгелді Шүйінішбайұлы– математика пәнінің мұғалімі шәкірттеріне терең білім алып аудандық пән олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болған, 1997 жылы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен наградталды.

Куандыкова Карылга Сартаевна– Қопа орта мектебінде 1989 жылдан бастап тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды.  2007 жылы  Ақтөбе облыстық мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық байқауында бас жүлдеге ие болып, «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші» атағын алды. 2007 жылдың желтоқсан айында алматыда өткен «Үздік ұйымдастырушы-тәрбиеші» республикалық конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды.

Улыкпанова Айгуль Зейнулловна–  Қопа орта мектебінде 1987жылдан бастап оқу ісінің орынбасары болып жұмыс жасайды.   ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткізілген педагогикалық жетістіктер конкурсында «Облыстың үздік мұғалімі» деп атынлып, облыс әкімінің 120 000 теңге грантын иеленген.

Бусурманова Айгуль Мирамбаевна-2010-2011 оқу жылынан бастап мектеп директорының қызметін атқарады.

 

Қопа орта мектебінде  көп жылдар бойы еңбек етіп  зейнеткерлікке шыққан

мұғалімдердің тізімі;

  1. Хамудиллина Р.Н.
  2. Хамидуллина Н.С.
  3. Каухарова Л.А.
  4. Баймурзина А.О.
  5. Сагингазина Б.
  6. Ермагамбетов Е.Ш.
  7. Тиссин К.Г.
  8. Достанова Н.Д.
  9. Бусурманова М.А.
  10. Жумагазина К.Л.
  11. Сулейменова Н.У.
  12. Есенгалиева А.И.
  13. Айбасова Ж.Е.
  14. Нұрмұханова Ж.А.
  15. Ермагамбетова К.Ш.
  16. Есжанова Ш.М.
  17. Махамбетова К.С.
  18. Нұрмұханова Қ.
  19. Калниязова А.Ш
  20. Битимбаева Г.С
  21. Бердалина Н.Н.